Басты бет » ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2025 жылғы 10–12 шілде аралығында Алматы облысында, Алматы қаласынан 19 км қашықтықта орналасқан Олимпиадалық резервті даярлау спорт кешенінің жеңіл атлетикалық аренасында ересек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті.

Ұлттық чемпионатқа қатысу үшін СДЮШОР №2 құрамасына 18 спортшы енгізілді. Олар Қазақстанның басқа өңірлері мен қалаларынан келген тәжірибелі әрі танымал қарсыластарына айтарлықтай бәсекелестік көрсетті. Жас атлеттердің нәтижелері Алматы командасының жалпыкомандалық есепте 3-орын алуына зор үлес қосты.

Балабин Максим сырықпен секіруде 2-орынды иеленсе, дәл осы сайыста Дмитрий Шкердин 3-орынға тұрақтады. Ұзындыққа секіру секторында да өте тартысты бәсеке өтті. Бұл сында мектеп тәрбиеленушісі Аян Жанбакиев жүлделі орынға енбегенімен, тамаша нәтиже көрсетіп, 3-орын алған ШҚО спортшысынан небәрі 1 см-ге, ал күміс жүлдегерден 8 см-ге ғана қалып қойды.

Әйелдер арасында Сукачёва Виктория жоғары спорттық дайындық пен тамаша нәтижесін көрсетті – ол 800 м қашықтықта алтын медаль жеңіп алды. Ал Эльмира Каллимулина 20 000 м спорттық жүріс сайысында Қазақстан чемпионы атанды.

Өте жақсы өнер көрсеткен Черкашина Анна сырықпен секіруде 1-орын алды. Екатерина Серебреникова ядро серпуде тұрақты қарсыласы Карина Васильевадан небәрі 10 см кем түсіп, күміс медальға ие болды.

Конищева Ирина жеті түрлі сайыстан тұратын жазғы көпсайыста алтын медаль иегері атанды.

Сондай-ақ қыздар квартеті – Косинова М., Сукачёва В., Миллер Д., Конищева И. – 4х400 м эстафетада 3-орынды жеңіп алды.