Басты бет » АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН

РК құрамасын дайындау орталығы базасының жеңіл атлетикалық стадионында кезекті жарыстар – 16 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты және ҚР Кубогы өтті. Жарыстар бір мерзімде 2025 жылғы 26–28 маусым аралығында ұйымдастырылды. Аталған екі турнирге Алматы қ. СДЮШОР №2-нің 70-тен астам спортшысы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының жеңіл атлеттер командасы ҚР чемпионатында 2-орын алып, Қарағанды қаласының атлеттеріне жол берді, ал үшінші орынды Шымкент қаласының спортшылары иеленді. ҚР Кубогында да жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

Жеке есепте ҚР чемпиондары атанғандар:

  • Шкердин Денис – сырықпен секіруде

  • Литвинов Владимир – екі мәрте чемпион, ядро серпуде және диск лақтыруда

  • Халилов Ратмир – көпсайыста

  • Косинова Маргарита – үш мәрте чемпион, 200 м, 400 м және 400 м кедергілермен жүгіруде

  • Демехина Ксения – сырықпен секіруде

  • Ким Милана – ұзындыққа секіруде

2-орын алғандар:

  • Федюков Виктор, Халилов Ратмир, Косинова Маргарита, Ким Милана – 4х200 м аралас эстафетада

  • Каниев Ренат – сырықпен секіруде

  • Данилова Леа – сырықпен секіруде

3-орын алғандар:

  • Донбай Вячеслав, Халилов Ратмир, Цай Денис, Тұрлығожа Қанагат – 4х400 м эстафетада

  • Быченко Илья – биіктікке секіруде

  • Демочкин Аркадий – сырықпен секіруде

  • Ким Милана – 200 м жүгіруде

  • Омербек Аружан – 2000 м кедергілермен жүгіруде

  • Бунякина Анастасия – ұзындыққа секіруде

Барлығы 24 түрлі дәрежедегі медаль жеңіп алынды.

ҚР Кубогына қатысқан спортшылардың нәтижелері:

Алтын медаль иегерлері:

  • Балабин Максим – сырықпен секіруде, 5.10 м нәтижесімен

  • Сукачёва Виктория – 800 м жүгіруде

  • Арзиева Сабрина – 10 000 м жүгіруде

  • Черкашина Анна – сырықпен секіруде

  • Бехтеев Максим, Мураткалиев Доналд, Марат Бексултан, Султанов Омар – 4х100 м эстафетада

  • Шрубянец Ангелина, Марченко Арина, Гридасова Елизавета – 4х100 м эстафетада

  • Тамилина Екатерина, Чамалиди Анастасия, Сукачёва Виктория, Шрубянец Ангелина – 4х400 м эстафетада

Күміс медаль иегерлері:

  • Жанбакиев Аян – ұзындыққа секіруде

  • Сукачёва Виктория – 400 м жүгіруде

  • Калимуллина Эльмира – 10 000 м жүгіруде

  • Конищева Ирина – екі мәрте күміс жүлдегер, 100 м кедергілермен және 400 м кедергілермен жүгіруде

  • Серебреникова Екатерина – ядро серпуде

Қола медаль иегерлері:

  • Вагенлейтнер Игнатий, Гончаров Иван, Спасский Степан, Елекенов Әкімжан – 4х400 м эстафетада

  • Елекенов Әкімжан – 5000 м жүгіруде

  • Конищева Ирина – 100 м жүгіруде

  • Лымарева Полина – сырықпен секіруде

  • Серебреникова Екатерина – диск лақтыруда

  • Морозова Кристина – екі мәрте қола жүлдегер, 5000 м және 10 000 м жүгіруде

Барлығы 31 медаль жеңіп алынды.